Erasmus+ бағдарламасы аясындағы халықаралық тәжірибе алмасу
Erasmus+ бағдарламасы аясындағы халықаралық тәжірибе алмасу
Теология факультетіне Erasmus+ халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Севде Өзтүрк 17–25 сәуір аралығында тәжірибе алмасу мақсатында арнайы келді.
Қонақ ғалым Кютахья Думлупынар университеті тарапынан келіп, факультет студенттеріне дәріс оқып, өзінің академиялық тәжірибесімен бөлісуде.
Сапар аясында ол факультеттің басшылық құрамымен танысып, кафедра меңгерушілерімен кездесті. Кездесу барысында Теология кафедрасының меңгерушісі Дидар Шауенов факультеттің білім беру бағдарламалары мен оқу үдерісі туралы жан-жақты ақпарат беріп, жетістіктерімен таныстырды.
Сонымен қатар, Түркиядан келген қонақ студенттермен кездесіп, пікір алмасып, тәжірибелік әрі мазмұнды диалог алаңын қалыптастырды.
Бұл сапар – халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, өзара тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
ЕМТИХАН КЕСТЕСІ
“Пайғамбар, сахаба және табиғин кезеңдеріндегі тафсирлер”
Этика пәнін coursera платформасына тәжірибесі әдістемелік және практикалық қырлары
"Осман мемлекетінің ислам тарихындағы орны" атты семинар
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 