СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫС КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Университет қабырғасында студенттер арасында « ҚР АЭС салу және сенімді пайдалану» атты дебаттан көрсетілім ойыны өтті. Іс-шараны «Yasawi Debate club» клубы ұйымдастырды.
Дебат ойынын «Жастар Рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалы төрағасы Жұман Жансерік және студенттер тамашалады.
Турнир қатысушылары елімізде АЭС салу мәселесін және республикалық Референдум өткізудің маңызын, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады.
Көрсетілім ойыны соңында қатысушы командалар алғыс хатпен марапатталды.
ЕМТИХАН КЕСТЕСІ
“Пайғамбар, сахаба және табиғин кезеңдеріндегі тафсирлер”
Этика пәнін coursera платформасына тәжірибесі әдістемелік және практикалық қырлары
"Осман мемлекетінің ислам тарихындағы орны" атты семинар
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 