shape
shape

Біз туралы

Біз туралы

Теология факультеті 6В02228 Дінтану, 6В01683 — Дінтану, 6В02229 — Теология, 6В02266 — Исламтану, 6В02286 — Философия-дінтану, 6В03187-Психология-Дінтану, 7М02211-Дінтану, 7М02262-Теология білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандар даярлайтын аймақтағы негізгі орталық болып табылады. Факультетте мамандарды даярлау екі сатылы жүйе бойынша жүзеге асырылып келеді: бакалавриат, магистратура. Оқу үдерісі барысында шет тілдерін меңгеруге, сапалы білім беруге, өзге ұйымдармен тығыз байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінген. Факультет түлектері ғылым мен білім саласында, әкімшілік-мәдени жұмыста, ішкі істер жүйесінде, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметі мен діни сараптамалық бағыттарда үлкен сұранысқа ие. Факультет түлектері арасынан республикаға танымал тұлғалар бар. Аймақтың саяси, қоғамдық, ғылыми, діни салаларында қайраткерлік көрсетіп жүрген факультет түлектері ел дамуына орасан зор үлес қосуда. Факультетте мамандарды дайындау 6В2228-Дінтану және 6В02229-Теология, 6В02266-Исламтану, 6В02286 — Философия-дінтану салалары бойынша іргелі білім беру бағдарламаларына негізделген. Бүгінгі таңда факультетте 269 білім алушы бакалавриат білім бағдарламасы негізінде, 22 білім алушы магистратура білім бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Оқыту қазақ, түрік, араб, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Факультетте 6 білім беру бағдарламасы бойынша 291 білімгер білім алуда. Оның ішінде Түркия, Өзбекстан елдерінен келген шетелдік білімгерлер бар. Факультетіміздің білім алушыларына  Түркиялық ғалымдар, әлемдік деңгейдегі алыс-жақын шетелдік оқытушы-профессорлар дәріс береді. Қазіргі таңда факультетте 2 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 16 PhD доктор, 13 магистр оқытушы дәріс беруде. Факультетте маман дайындаумен Дінтану, Философия және Теология кафедралары айналысады.