shape
shape

Бағдарламалар

Теология факультеті / Дінтану кафедрасы / Магистратура

7M02211 - Дінтану

Course Image Теология факультеті Дінтану кафедрасы

Дінтану саласында ғылыми зерттеулер жүргізе алатын, діни  құбылыстарды талдау мен түсіндіру дағдысына ие, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Дінтану ғылымдарының, сонымен бірге қазіргі дінтанудың өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелерін талдай отырып, кәсіби қызметін жүзеге асырады.
  • Дін және қоғам арасындағы мәселелерді шешу үшін кәсіби білімді  зерттеулерінде қолданады.
  • Кәсіби ортада қолданылатын заманауи оқыту әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, білім беру қызметінде жүзеге асырады.
     
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
  • мұражай экспонаттарын өңдеу, сипаттау және экскурсия жүргізу;  кітапханалар мен мұрағаттарда діни және дінтанулық материалдар мен әдебиеттерді  жинақтау-каталогын жасау; бұқаралық ақпарат құралдарына дін мәселелерінде кеңес беру, материалдарды өңдеу және ұсыну; баспаларда діни және дінтанулық әдебиеттерге жалпы және ғылыми редакторлық жасау; діни бірлестіктермен мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыру; мемлекеттік мекемелерге, қоғамдық және діни ұйымдарға дін мәселелерінде кеңес беру, сараптама-талдаулар жасау, ақпараттарды өңдеу мен ұсыну қызметі;