Стратегиялық жоспар
Факультеттің даму бағдарламасында орын алған міндеттерді жүзеге асыру кезең кезеңімен 2026 жылға қарай келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
1)Стратегиялық бағыт 1. Тұрақты институциялық даму
-Факультет бойынша ОПҚ ғылыми дәрежелігі 70% жетеді;
-Халықаралық сертификаттармен расталған ағылшын және түрік тілдерін меңгерген ОПҚ үлесі 20% асады;
-Салалық ұйымдармен, мекемелермен жасалған келісім шарттардың (меморандумдардың) саны артады;
-Магистратура бойынша жаңа БББ (Дін социологиясы, дін психологиясы) ашылады;
-Авторлық құқықпен қорғалған ең кемі 3 онлайн курс жасалады.
2)Стратегиялық бағыт 2. Академиялық үстемдікке қол жеткізу
-Факультетте білім алатын шетелдік студенттер саны жалпы контингенттен 6% көрсеткішке жетеді;
-Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушылардың жалпы санынан кемінде триместр, семестр, оқу жылы мерзіміне шетелге кеткен білім алушылар көрсеткішін 2% межеге жетеді;
-Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушылардың жалпы санынан кемінде семестр, оқу жылы мерзіміне шетелден келген білім алушылардың үлесі 1% жетеді;
-ОПҚ-ның сыртқы (келген/кеткен) академиялық ұтқырлығының үлесі 1% кем болмайды;
-Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушылардың жалпы санынан кемінде семестр, оқу жылы мерзіміне келген/кеткен білім алушылардың үлесі 2% кем болмайды;
-Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушылардың жалпы санынан кемінде семестр, оқу жылы мерзіміне келген/кеткен білім алушылардың үлесі 0,5% кем болмайды;
-Түркия Республикасының Дін істері басқармасына қарасты Білім жетілдіру орталықтарына факультет білім алушыларын бір айлық жазғы оқуға жіберу жобасын қайта жаңғыртылады.
3)Стратегиялық бағыт 3. Ғылыми-инновациялық әлеуетті арттыру
-ҒЗТКЖ (Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) жүзеге асыратын ғалымдар мен зерттеушілердің жалпы санынан жас ғалымдардың үлесі (ГҚ/ БМҚ бойынша ғылыми жобаларға қатысу және т. б.) артады;
-ГҚ/БМҚ бойынша ҒЗЖ шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын ОПҚ үлесі (коэффициентке сәйкес) 13% кем болмайды;
-Ғылыми жобалардың міндеттерін орындауға енгізілген барлық деңгейдегі білім алушылардың саны (ГҚ/ БМҚ бойынша ғылыми жобаларға тарту) әр жобада 2-ге жетеді;
Халықаралық рецензияланатын журналдарда (Scopus, WoS) жарияланған мақалалар саны (өткен жылы жарияланған мақалалар санына+%) 5 кем болмайды;
-ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған тізімге сәйкес ҚР дерекқорындағы ғылыми индекс жарияланымдарының саны 10-нан кем болмайды;
-Теология факультетінде мәтіндерді зерттейтін лаборатория жасақталады;
-Теология факультетіне қарасты “Хикмет” ғылыми журналын ҚР ҒЖБССҚК ұсынатын басылымдар тізіміне кіргізу жұмыстары аяқталады.