shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

«Өңірдегі цифрлық журналистика» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

ЖУРНАЛИСТЕР КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗДІ

2025 жылдың мамыр айының 16-жұлдызында Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен  «Өңірдегі цифрлық журналистика» тақырыбында халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталмыш конференция онлайн-оффлайн форматында болды. 

Конференция жұмысына сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйлеуге келген Қазақстанның құрметті журналисі: Роза Нарымбетова, Түркістан медиа ЖШС директоры: Дәулетов Мәлік Жұмаханұлы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-і баспасөз қызметінің жетекшісі: Әуесбеков Сәбит Тастанбекұлы өз лебіздерін білдірді. 

Конференция жұмысына Өзбекстаннан арнайы келген доктор Перхан Алламбергенова өз еліндегі цифрлық журналистиканың дамуы, заманауи медиатехнологияларды енгізу және өңірлік БАҚ-тың болашағы жайлы мазмұнды баяндама жасады. Ол өз сөзінде өңірлік журналистиканың дамуы мен халықаралық тәжірибенің үндесуінің маңызына тоқталды. Конференция Zoom платформасы арқылы тікелей эфирде ұйымдастырылып, Түркия мен өзге де өңірлерден өңірлік журналистер мен сарапшылар онлайн түрде қосылып, өз ой-пікірлерін білдірді. Бұл формат халықаралық байланыстарды нығайтып, тәжірибе алмасуға жол ашты.

Жиынға Түркістан облысының танымал журналистері, БАҚ өкілдері, сонымен қатар ЖОО оқытушылары мен жас зерттеушілер де белсенді түрде қатысты. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының өкілдері мен медиа саласындағы сарапшылар цифрлық медианың келешегі, жас журналистердің әлеуеті мен медиа сауаттылық мәселелерін кеңінен талқылады.

Ғалымдар бас қосқан жиында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің докторы, профессор  Сейдулла Садықов та «Дәстүрлі журналистика мен цифрлық медианың ерекшеліктеріне» тоқталып өтті. Ұстаздарының сөзін жалғаған студенттер де өз зерттеулерін ортаға салды. Журналистика білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Тәжібай Назерке, 2-курс студенті Жүнай Ардақ ең өзекті проблемаларды қозғады. Конференцияның сұрақ-жауап бөлімінде студенттер мен ғалымдар пікір алмасты.