Біліктілікті арттыру семинары: педагогикалық мамандықтардағы кәсіби дамудың жаңа бағыты
Біздің университетте "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған "Құзыретті мұғалім – сапалы білім кепілі: кәсіби дамуға жаңа көзқарас" атты семинар 09.06.2025-11.06.2025 аралығында сәтті өтті.
Бұл шара педагогикалық мамандықтардағы болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға, білім беру әдістемелерін жетілдіруге және оқыту үдерісін заманауи талаптарға сай үйлестіруге бағытталды. Семинар барысында қатысушылар кәсіби дамудың маңызды аспектілерін талқылап, жаңа әдістерді меңгеру мүмкіндігіне ие болды.
Семинар аясында келесі тәжірибелі педагогтар дәрістер оқыды: Айберова Г., Куанышбек Г., Кудайбергенова М., Азбердиева Н., Орынбасар Г., Айдосова А., Калиева К. Олардың баяндамалары білім сапасын арттыру, оқыту әдістемелерін жетілдіру және болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын күшейтуге бағытталған құнды ақпаратпен толықты.
Тәжірибелік сабақтар мен сарапшылардың ұсыныстары болашақ педагогтардың мектепке барғанда өз мамандығына сай білім алуын және оны тиімді қолдануын қамтамасыз ететінін көрсетті. Бұл семинар университет оқытушыларының кәсіби біліктілігін жетілдіруге және білім сапасын нығайтуға айтарлықтай үлес қосты.