«Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын бақылау және скрининг бойынша Қазақстан стандарты» және «Қазақстандағы мұғалімдердің білімі мен біліктілігін арттыру сағаттары практикасы» тақырыптарында семинар өткізді.
Ыстанбұл Мәдениет университетінің Педагогика факультетінің оқытушы профессор құрамына Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің деканы, Педагогика және психология кафедрасының доценті, PhD Алия Куралбаева және Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының доценті, PhD Гүлхиз Пилтен «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын бақылау және скрининг бойынша Қазақстан стандарты» және «Қазақстандағы мұғалімдердің білімі мен біліктілігін арттыру сағаттары практикасы» тақырыптарында семинар өткізді.
Сонымен қатар, сапар барысында профессор, PhD Эйүп Севимли бастаған факультет басшылығымен кездесіп, екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар екі университет арасында қол қойылуы жоспарланған ынтымақтастық келісімдері бойынша ортақ мәмілеге келді. Кездесуге факультет деканының орынбасары PhD Мутлу Аксой мен Бастауыш білім беру кафедрасының оқытушысы PhD Нихан Шахинкая да қатысып, пікір алмасуға өз үлестерін қосты. Ізгі ниет пен өзара құрмет рухында өткен бұл кездесу достық пен серіктестікті нығайтудың жарқын көрінісі болды.