Қос диплом мәселесі қаралды
27-29 қыркүйек күндері Түркия астанасы Анкарада әлемнің 24 елінен ғалымдар қатысқан "IX Халықаралық Әлеуметтік ғылымдар конгресі" өтті. «ASES» ұйымының ұйымдастыруымен өткен бұл жиында университетіміздің Журналистика кафедрасы меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент м.а. Ә.Білдебекова мен магистр-оқытушы Қ.Ералиева арнайы шақыртумен барып, баяндама оқыды.
Ресми жиын барысында Анкара Хажи Байрам Вели университеті, Журналистика факультететінің деканы, профессор, доктор Айше Элиф Эмре Кая ханым Түркиядағы болашақ журналистердің оқу процесімен таныстырды. Мұндағы заманауи жабдықталған фотостудия мен телестудиясы, университет газетін баспадан шығару процесіне студенттердің тікелей қатысуы көңілден шықты. Бұл студенттер үшін таптырмас тәжірибе алаңы екеніне көз жетті. Әсіресе, жаңа медиадағы дрон журналистикасы бойынша оқытылып жатқан пәннің практикалық тұсы ерекше есте қалды.
1200 студент білім алатын Хажы Байрам Вели университеті «Журналистика» факультетінде 60 оқытушы үздіксіз білім мен тәжірибе беруде. Кездесу соңында екі университет арасында магистратура бағыты бойынша қос дипломдық білім беру бағдарламасын қолға алу мәселесі талқыланды.