Мектепке дейінгі мекемелерде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеужәне тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыратын, бала тәрбиесінде отбасына педагогикалық-психологиялық қолдау көрсететін, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу саласында ұйымдастырылған іс-әрекеттердің мазмұны, әдістері мен құралдары және нәтижелері туралы ақпараттарды өңдеу мен қолдана алатын түлектерді даярлау.
Білім беру бағдарламасы кәсіби қызметке қажет іргелі, кәсіби және пәндік білімі, дағдысы және құзыреттіліктері, жалпы адами және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтары қалыптасқан маман даярлау мақсатында, Дублин дескрипторының талаптарына сәйкес жалпы білім беру, кәсіби–педагогикалық және мамандандыру пәндерін оқыту мазмұнын анықтайды. Білім траекториясын таңдауды жүзеге асырумен еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді анықтайды, оқыту мазмұнын жүзеге асырудың ЖОО шарттары мен технологиясын және оқыту нәтижелерін бақылау мен бағалауды белгілейді.