shape
shape

Бағдарламалар

Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті / Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы / Магистратура

7M01303 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Course Image Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы

Ғылыми танымы мен психологиялық даярлығы қалыптасқан, оқытудың мазмұнын әзірлеу мен заманауи әдістерін қолдануды меңгерген және ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері мен оқытудың дербес әдістемесін жүзеге асыратын болашақ бастауыш білім саласы магистрлерін даярлау.

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы магистратурадағы ғылыми және педагогикалық бағыты бойынша жүзеге асады және білім беру бағдарламасы ғылым мен педагогика саласында терең білімге ие жоғары оқу орындары жүйесі мен ғылыми-зерттеу құрылымдарына жоғары оқу орнынан кейінгі маман кадрларды дайындауды көздейді.

  • Бастауыш білім беруде пәндерді оқытудың ғылыми теориялық және практикалық негіздерін қалыптастыра отырып интербелсенді, инновациялық  оқытудың әдістерін жетілдіреді .
  • Білім алушыға сапалы білім беру мақсатында өлшеу және бағалау   әдістерін  жетілдіреді. 
  • Мектептердегі ұйымдастырушылық, басқарушылық дағдыларын меңгере отырып, білім беру бағдарлмалары, оқу жоспары, авторлық жоба дайындауды дамытады.
     
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша жоғары оқу орындары, орта мектептер (оның ішінде гимназиялар, лицейлер), орта кәсіптік оқу орындары (колледждер,техникумдар, училищелер), ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу бөлімдері.