• image image image image
  • shape
    shape

    Деканның хабарламасы

    Деканның хабарламасы

    Құрметті білім алушылар,

    Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультетінің қызметі сапалы медициналық білім беруді дамытуға, ғылым мен клиникалық практиканы интеграциялауға, білікті мамандар мен денсаулық сақтау саласының көшбасшыларын даярлауға бағытталған.

    Факультеттің басым бағыттарына БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің талаптарын сақтау, «Болашақ резидент мектебі» және «Клиникалық тәлімгер мектебі» жобаларын дамыту, сондай-ақ MBA, EMBA және DBA бағдарламалары арқылы басқарушылық құзыреттерді жетілдіру жатады.

    Университеттің практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылын нығайтуда Клиникалық кеңес пен Стейкхолдерлер кеңесінің маңызы зор. Олардың қызметі білім беру бағдарламаларын саланың қажеттіліктеріне сәйкестендіруге, клиникалық тәлімгерлікті дамытуға және ғылыми жетістіктерді практикаға енгізуге ықпал етеді.

    Факультет ESG қағидаттарын енгізуге, білім беру сапасы мен ғылыми нәтижелілікті арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және QS пен Times Higher Education (THE) халықаралық рейтингтерінің өлшемшарттарын ескере отырып, университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағдарланған.

    Біздің стратегиялық мақсатымыз — медициналық көмектің сапасын арттыруға, сондай-ақ өңір мен түркітілдес елдер халқының денсаулығын жақсартуға үлес қоса алатын құзыретті мамандар мен басқарушы көшбасшыларды даярлау. Бұл мақсатқа қол жеткізу тиімді көшбасшылыққа, командалық жұмысқа және университеттің медициналық ұйымдармен, кәсіби қауымдастықпен және мемлекеттік құрылымдармен серіктестігіне негізделеді.

    Құрметпен,
    Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультетінің деканы
    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті