• image image image image
  • shape
    shape

    Іс-шаралар

    Blog Image

    « Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы» - атты ғылыми тәжирибелік семинар  өткізілді.

       Университетімізде 2025 жылдың 12-сәуір-Қазақстандағы ғылымы қызметкерлердің күніне арналған ғылыми айлығының іс-шаралары жоспарына сәйкес Шымкент кампусы, Жоғары оқу орнынан кейінгі    медициналық білім беру факультетінің, Акушерлік-гинекология кафедрасының аға оқытушылары Саркулова И.С.,  Алиева Э.Н.,Байбосын М.А. ұйымдастыруымен  Шымкент қаласы Авиценна жоғары медициналық колледжінде 04.04.2024ж.,сағат 10-00-де « Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы» - атты ғылыми тәжирибелік семинар  өткізілді.

    Модераторлар: Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Шымкент кампусы, Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасының   аға оқытушылары Саркулова И.С.,Алиева Э. Н.,Байбосын М.А. болды

    «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы» атты ғылыми тәжирибелік іс-шарамызды    Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Шымкент кампусы, Жоғары  оқу орнынан кейінгі     медициналық білім беру факультетінің деканы Ж.А.Жагипарова, Авиценна атындағы жоғары медициналық колледж директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары  З.Е.Кубеева сөз сөйлеп ашып берді.

    Колледж студентеріне «Етеккір  циклы, ерте жүктілік» атты әлеуметтік бейне ролик көрсетіліп, Акушерлік-гинекология кафедрасының аға оқытушысы Саркулова Ирода Сабиржановна  «Жас өспірімдердің репродуктивті денсаулығы»- презентацияны баяндады. Баяндамада Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы – олардың дене және психикалық дамуына тікелей әсер ететін маңызды факторлар, бұл кезеңде жасөспірімдер жыныстық жетілуге байланысты көптеген өзгерістер және   дұрыс ақпарат пен медициналық қызметке қолжетімділік олардың қауіпсіз әрі жауапты шешім қабылдауылары туралы ақпараттар айтылды. Акушерлік-гинекология кафедрасының аға оқытушылары дайындаған сауалнамалар бойынша   залдағы студенттер және оқытушаларға жазбаша сауалнама жүргізіліп, колледж студенттерінің түсінбеген сұрақтар талқыланды. Сауалнама әрі қарай кафедра оқытушыларымен  тағыда талданып, ғылыми журналға мақала ретінде шығатын болады. Іс-шара соңында Авиценна атындағы жоғары медициналық колледж ұжымы сөз сөйлеп ұйымдастырушыларға, қатысушыларға алғысын білдірді.

              Ғылыми-тәжирибелік семинарның мақсаты:  Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мақсатында, оларға ғылыми негізделген ақпарат беру арқылы ерте жүктіліктің, жыныстық жолмен жұғатын аурулардың және басқа да қауіптердің алдын алу көзделеді. Бұл іс-шара жасөспірімдерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды үйретіп қана қоймай, сонымен қатар олардың эмоционалдық және психологиялық әл-ауқатын жақсартуға көмектесуді мақсат етеді. Репродуктивті денсаулық туралы дұрыс түсінік қалыптастыру арқылы жастардың болашақ өмір сапасын арттыруға ықпал етіліп, оларды өз денсаулығы туралы саналы шешімдер қабылдауға ынталандыру көзделеді. Іс-шара барысында жасөспірімдерге дәрігерлер мен мамандардың кеңестері ұсынылып, олардың репродуктивті денсаулыққа қатысты көкейінде жүрген сұрақтарына жан-жақты жауап беріледі. 

    Зияны: Жасөспірімдер репродуктивті денсаулық туралы жеткілікті ақпарат алмаса, ерте жүктілік пен жыныстық жолмен берілетін аурулардың таралу қаупі артып, олардың денсаулығына елеулі зиян келуі мүмкін.

    Егер жасөспірімдер дұрыс медициналық кеңес алмаса және сақтану шараларын білмесе, бұл олардың болашақтағы репродуктивті функциясына кері әсер етіп, отбасын құру кезінде қиындықтарға әкелуі ықтимал.

    Репродуктивті денсаулыққа немқұрайлы қарау жасөспірімдердің физикалық және психологиялық жағдайына зиянын тигізіп қана қоймай, олардың білім алуына, мансаптық мүмкіндіктеріне және жалпы өмір сапасына да теріс әсер етуі мүмкін.

    Пайдасы:  Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық туралы дұрыс білім алуы олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына көмектесіп, болашақта саналы шешім қабылдауына ықпал етеді. Егер жасөспірімдер репродуктивті денсаулықты қорғаудың маңыздылығын ерте түсінсе, олар түрлі аурулардың алдын алып, денсаулығын сақтаумен қатар, болашақ өмір сапасын жақсарта алады.

    Репродуктивті денсаулық туралы білім беру арқылы жастардың медициналық сауаттылығы артып, олардың өзін-өзі қорғау дағдылары нығайып, қоғамда салауатты өмір салтын ұстанатын жауапты азаматтар қалыптасады.