• image image image image
  • shape
    shape

    Жаңалықтар

    Blog Image

    ОҚУ ОРДАМЫЗҒА ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАН ВУСОНГ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

    Бүгін оқу ордамызға Оңтүстік Кореядан Вусонг университетінің өкілдері келді.

    Айта кетейік, алдағы уақытта Түркістан облысында Оңтүстік Кореялық Вусонг университетінің филиалы ашылмақ. Айтулы университетте инженерия, киберқауіпсіздік салалары оқытылады. Университетімізге келген өкілдер облыстағы жоғары оқу орындарымен танысып, зерттеуде. 

    Қонақтар қатарында Вусонг білім беру қорының төрағасы Ким Сун Кюн,  Атқарушы және стратегиялық жоспарлау директоры Ким Тэ Хан,  Вусонг білім беру қорының Қазақстан Республикасымен стратегиялық жоспарлау басшысы Ли Ю Тек, Стратегиялық жоспарлау кафедрасының меңгерушісі және профессоры Чжонг  Йонхва және өзге де өкілдері бар.

    Университетіміздің Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева мен Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Фуркат Дадажанов Вусонг университетінің өкілдеріне оқу ордамызды таныстырып, ақпарат берді. Қазақстан мен Түркия Республикасының ынтымақтастығы негізінде құрылған, еліміздегі тұңғыш Халықаралық статусқа ие болған оқу орданың білім беру бағдарламалары жайлы баяндады. Оқу ордамыздың  жастарға ұсынар мол мүмкіндіктерін атады.

    Жиын соңында Вусонг университетінің өкілдеріне ботаникалық бақ өнімдерінен дәм ұсынып, сый-сияпаттар табысталды. Оңтүстік Кореялық ғалымдар қонақжайлық танытқан университетіміздің басшылығына ризашылықтарын білдірді. Қос жоғары оқу орны жастарға сапалы білім беру жолында бір-біріне сәттілік тіледі.