Білімгерлерге қызмет көрсету офисі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (бұдан әрі-университет) құрылымдық бөлімі болып табылады. және университет Ректорының №1/664 23.06.2021ж. күнгі құрылымдық өзгеріс туралы бұйрығымен өндірістік қызмет қажеттілігіне байланысты құрылған.
Білімгерлерге қызмет көрсету офисінің негізгі бағыттары:
- Білім алушылардың дербес ақпараттарын және оқуына қатысты мәліметтерді ақпараттық жүйелерге енгізу және жаңарту;
- Білім алушылардың өтініштерін қабылдау және өңдеу (академиялық демалысқа шығу/оралу, басқа ЖОО-ға ауысу, оқу нысанын, тілін немесе білім беру бағдарламасын өзгерту, қайта қабылдану, оқудан шығу, аты-жөнін өзгерту);
- Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты бұйрықтарды автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізу және қадағалау;
- Құжаттарды ресімдеу және беру (оқу қызметтері туралы шарттар мен қосымша келісімшарттар, әлеуметтік мекемелер мен банктерге арналған анықтамалар, аттестаттар, дипломдар, қосымшалар, жеке іс-құжаттардың көшірмелері);
- Бұйрықтарды тіркеу, жеке істер бойынша мәліметтерді енгізу, диплом қосымшаларын сканерлеу және базаға енгізу;
- Бітіруші түлектерге дипломдар мен куәліктерді беру;
- Жеке істер бойынша есеп жүргізу және хат алмасу;
- Білім алушылардың оқу жетістіктері тарихын тіркеу және жұмысты тиімді ұйымдастыру.
Педиатрия кафедрасы білімгерлерінің XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференциясына ұсынатын ғылыми жұмыстар тақырыптары 
