shape
shape

Бағдарламалар

Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті / Ішкі аурулар кафедрасы / Резидентура

7R01126 - Ересектердің, балалардың аллергология және иммунологиясы

Course Image Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті Ішкі аурулар кафедрасы

  • Пациентпен, оның айналасымен тиімді өзара әрекеттесу үшін аллергомектеп жүргізу бойынша жұмысты жоспарлауға және пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында Денсаулық сақтау мамандарымен консилиумдар ұйымдастыруға қабілетті.
  • Негізгі иммунопатологиялық жағдайларды анықтауға, клиникалық-иммунологиялық тексеру қажеттілігін негіздеуге, иммундық мәртебені бағалау нәтижелерін түсіндіруге және медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін емдеуде неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті.
     
  • Резидентураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Резидентураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылшын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Резидентураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын резидентураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
  • Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және   нысандағы денсаулық сақтау ұйымдары;
  • Кәсіптік медициналық білім беру ұйымдары;
  • Жоғары медициналық оқу орындары;
  • Ғылыми-зерттеу институттары;
  • Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.