• image image image image
  • shape
    shape

    Бағдарламалар

    Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті / Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер кафедрасы / Резидентура

    7R01130 - Терапиялық стоматология

    Course Image Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер кафедрасы

    •  Пациенттер мен олардың туыстарының қажеттіліктерін, құндылықтары мен қалауларын ескере отырып, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін тұлғааралық дағдыларды көрсете отырып , заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланады.
    •   Медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды біріктіре отырып, ауруларды диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға, сондай-ақ пациентке бағытталған тиісті және тиімді күтіммен сауатты емдеуді қамтамасыз етеді.
    • Терапиялық стоматологияда медициналық көмектің барлық деңгейлерінде дәлелді тәжірибе негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдай алады, емдеу жоспарын тағайындауға, орындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті.
       пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында стоматологиялық пациентпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады 
    • Терапиялық  стоматологияда тәуекелдерді бағалай алады және стоматологиялық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін емдеудің тиімді әдістерін қолдана алады. Науқасты қарау кезінде анамнезді толық жинайды, өз бетінше адекватты терапияны тағайындай алады, пациенттерге қажетті стоматологиялық көмек көрсете алады. 
    • Өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық шеңберінде әрекет ете алады, төтенше жағдайлар кезінде негізгі көмек көрсете алады, азаматтардың денсаулығын нығайту саясатын іске асыру үшін кәсіпаралық ұжымдар құрамында жұмыс істей алады.
    • адекватты зерттеу сұрақтарын құрастыра алады, терапиялық стоматология бойынша кәсіби әдебиеттерге сыни баға бере алады, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық деректер қорын тиімді пайдалана алады, ғылыми топ жұмысына қатысады.  
    •  өз бетінше білім алуға және кәсіби ұжымның басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатысады 

       
    • Резидентураға жоғары  білімі  және  интернатураның  білім  беру  бағдарламаларын  игерген  тұлға  қабылданады. Білім  беру  ұйымдарының  резидентурасына  қабылдау  түсу  үшін қабылдау емтиханың  нәтижесі  75 балдан   төмен  емес  ұпай жинаған үміткерлердің арасынан  конкурстық  негізде  жүзеге  асады. 
       
    • -меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және   нысандағы денсаулық сақтау ұйымдары;
    • кәсіптік медициналық білім беру ұйымдары;
    • жоғары медициналық оқу орындары;
    • ғылыми-зерттеу институттары;
    • денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
    • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.


    Кәсіби қызмет функциялары мен түрлері
    -білікті жəне мамандандырылған стоматологиялық көмек көрсету жəне ұйымдастыру;
    -шұғыл ауырған жəне кезек күттірмейтін жағдайларда бастапқы медициналық көмек көрсету жəне ұйымдастыру; 
    - сырқатпен, оның туған-туысымен, əріптестермен, əлеуметтік қызмет өкілдерімен медициналық этика жəне деонтология қағидаларын сақтай отырып тиімді қарым-қатынас орнату; - халық арасындағы стоматологиялық ауруларды бағалау жəне талдау жасау; 
    - кəсіптік қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастыру- басқару шараларын жүзеге асыру; 
    - стоматология саласында ғылыми зерттеулерді жоспарлау жəне жүргізу;
    - шынайы ақпарат алуға, кəсіптік мəселелерді шешуге, халыққа стоматологиялық көмек көрсетуге, денсаулық сақтау жүйесінде бірегей ақпараттық желіде жұмыс істеуге жəне өз бетінше білім алу үшін ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану;
    - педагогикалық жəне тəрбиелік қызметті жүзеге асыру. 
    Түрлері:
    - емдеу-алдын алу және диагностикалық;
    - санитарлық-гигиеналық, індетке қарсы;
    - ұйымдық-басқару;
    - ғылыми-зерттеу; 
    - білім беру (педагогикалық).