shape
shape

Бағдарламалар

Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті / Хирургия және анестезиология-реанимация кафедрасы / Резидентура

7R01131 - Ересектердің, балалардың бет-жақ хирургиясы

Course Image Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті Хирургия және анестезиология-реанимация кафедрасы

  • Бет-жақ аймағының хирургиялық патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті.
  • Пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті. 
  • Ересектер мен балалардың бет-жақ хирургиялық патологиясын емдейтін стационарларда медициналық персонал жұмысының ұйымдастырушылық, медициналық және деонтологиялық ерекшеліктерін игеруге қабілетті.
  • Резидентураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Резидентураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылшын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Резидентураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын резидентураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
  • Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және   нысандағы денсаулық сақтау ұйымдары;
  • Кәсіптік медициналық білім беру ұйымдары;
  • Жоғары медициналық оқу орындары;
  • Ғылыми-зерттеу институттары;
  • Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.