Инновациялық-білім беру жобалық офисі (бұдан былай - ИББЖО) Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (бұдан әрі – университет) құрылымдық бөлімі болып табылады. ИББЖО денсаулық сақтау саласындағы мамандарға үздіксіз кәсіптік білім, қосымша және формальды емес білім беру бағдарламаларын іске асыру және аталған білім беру бағдарламалары арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін айқындауды жүзеге асырады.
Жобалық бөлім басқару офисінің негізгі бағыттары
1.Жылдық жұмыс жоспарының бекітілген мерзімде іске асырылуына;
2.Берілген өкілеттіктер шегінде қызметті жүзеге асыруға;
3.Офиске жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау кезінде заңнама талаптарын, университет Ректорының актілерін сақтауға;
4.Құзыреті шегінде анықталған заң бұзушылықтарды жоюға және алдағы уақытта оларды болдырмау бойынша шаралар қабылдауға;
5.Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
6.ҚР нормативтік құқықтық актілерінде, университет Ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
7.Офиске сапа менеджменті жүйесін енгізуге міндетті.
.png)
Жобаның сипаттамасы
Медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына арналған қысқы мектеп — медициналық білім беру сапасын арттыруға және оқытушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған білім беру жобасы. Бірнеше күндік қарқынды бағдарлама аясында қатысушылар медициналық білім берудің заманауи тәсілдерімен, халықаралық озық тәжірибелермен және инновациялық оқыту әдістерімен танысады. Бағдарлама алған білімді тәжірибеде қолдануға, оқыту әдістерін жетілдіруге және білім беру үдерісіне тиімді педагогикалық шешімдерді енгізуге бағытталған.
Жобаның мақсаты
Медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының кәсіби әлеуетін арттыру, медициналық білім берудегі халықаралық озық тәжірибелер мен заманауи инновацияларды меңгеруіне жағдай жасау және оларды оқу үдерісіне практикалық тұрғыдан енгізуге ықпал ету.
.png)
Бағдарламаның сипаттамасы
«Кемел» бағдарламасы ұйымның адами капиталын дамытуға, корпоративтік мәдениетін нығайтуға және қызметкерлердің кәсіби әлеуетін іске асыруға бағытталған. Бағдарлама аясында ұйымның ортақ құндылықтарын қалыптастыру мен орнықтыруға, қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, мансаптық өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге және кадрлық сабақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған тәжірибелер мен тетіктерді енгізу көзделеді. Сонымен қатар командалық жұмысты жетілдіруге, өзара ынтымақтастықты нығайтуға және қызметкерлердің ұйымға деген ынтасы мен адалдығын арттыруға ерекше мән беріледі.
Бағдарламаның мақсаты
Қызметкерлердің кәсіби және тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, ортақ құндылықтарға негізделген корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, кадрлық сабақтастықты қамтамасыз ету және командалық жұмыстың тиімділігін арттыру арқылы ұйымның стратегиялық мақсаттарына уақтылы әрі нәтижелі қол жеткізуге ықпал ету.
.png)
Жобаның сипаттамасы
Медициналық резиденттерге арналған жазғы мектеп — болашақ дәрігерлердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, клиникалық ойлауын дамытуға және практикалық даярлығын нығайтуға бағытталған білім беру жобасы. Бағдарлама аясында қатысушылардың теориялық білімдерін тереңдетуге, клиникалық жағдайларды талдау дағдыларын дамытуға, дәлелді медицина қағидаттарын қолдануға және медициналық практикада негізделген шешімдер қабылдау қабілетін жетілдіруге басымдық беріледі. Оқыту барысында кәсіби тәжірибе алмасуға, командалық өзара іс-қимылға және үздіксіз кәсіби дамуға жағдай жасау көзделеді.
Жобаның мақсаты
Медициналық резиденттердің клиникалық құзыреттерін, кәсіби ойлауын және практикалық дағдыларын дамыту, дәлелді медицина қағидаттарын қолдану қабілетін жетілдіру және олардың болашақ дәрігер ретінде кәсіби дербестігін қалыптастыруға ықпал ету.
.png)
Жобаның сипаттамасы
«Шағын кітапхана» жобасы кафедралар жанындағы кітапхана қорын білім алушылардың зияткерлік дамуын, кәсіби білімін жетілдіруін және оқу мәдениетін қалыптастыруды қолдайтын белсенді білім беру кеңістігіне айналдыруға бағытталған. Жоба аясында тақырыптық әдебиеттер топтамаларын әзірлеу, өзекті ғылыми және кәсіби басылымдармен таныстыру, кітап талқылаулары мен әдеби кездесулер ұйымдастыру көзделеді. Бұл бастама білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға, өздігінен білім алу дағдыларын дамытуға, сыни ойлауын жетілдіруге және білім мен тәжірибе алмасу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жобаның мақсаты
Білім алушылардың тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыру, олардың кәсіби және жалпы зияткерлік көкжиегін кеңейту, өздігінен білім алу мен сыни ойлау дағдыларын дамыту және кафедралар жанындағы кітапханаларды белсенді білім беру және мәдени өзара іс-қимыл кеңістігі ретінде дамыту.
.png)
Бағдарлама туралы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 7M04168-EMBA «Денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілендіру» бағдарламасы денсаулық сақтау саласында басқарушылық құзыреттерді дамытуға және кәсіби тәжірибені жетілдіруге бағытталған.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын аяқтаған азаматтарына арналған.
Қабылдау талаптары
Бағдарламаға түсу үшін үміткердің басшылық лауазымда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы қажет. Қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Негізгі ақпарат
- Оқу мерзімі: 1 жыл.
- Оқу ақысы: бүкіл оқу кезеңіне 1 320 000 теңге (2026-2027 оқу жылы)
- Бастапқы төлем: сабақ басталғанға дейін оқу ақысының кемінде 50%-ы, (660 000) теңге төленуі тиіс.
- Қалған төлем: бірінші семестр аяқталғаннан кейін төленеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімдері
Құжаттар жыл сайын үш қабылдау кезеңінде қабылданады:
- 1–20 тамыз — академиялық кезең 1 қыркүйекте басталады.
- 1–25 қараша — академиялық кезең 1 желтоқсанда басталады.
- 1 наурыз – 20 сәуір — академиялық кезең 1 мамырда басталады.
Қажетті құжаттар тізімі
- Университет басшысының атына жазылған еркін нысандағы өтініш (өтініш үлгісі ұсынылады).
- Жоғары білімі туралы құжаттың түпнұсқасы.
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- 3×4 см өлшеміндегі алты фотосурет.
- 075/у нысанындағы медициналық анықтама.
- Еңбек кітапшасының немесе толтырылған кадрларды есепке алу парағының куәландырылған көшірмесі.
- Үш данада жасалған және қол қойылған шарт.
Құжаттар толық топтамамен ұсынылған жағдайда ғана қабылданады. Оқуға қабылдау емтихан комиссиясының шешімі негізінде университет ректорының бұйрығымен ресімделеді.
Байланыс
Бағдарламаға қабылдау және құжаттарды тапсыру бойынша қосымша ақпарат алу үшін жоба менеджеріне хабарласыңыз.
Жоба менеджері: Дәулетбай Салтанат
Электрондық пошта: saltanat.dauletbay@ayu.edu.kz
.png)
Бағдарлама туралы
8D04118 – DBA «Іскерлік басқару докторы» бағдарламасы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған, басқарушылық қызмет тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің азаматтарына арналған.
Бағдарламаға қабылдау әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
Оқу мерзімі: 3 жыл.
Оқу ақысы
- Бір оқу жылының құны: 1 760 000 теңге. (2026-2027 оқу жылы)
- Оқу басталғанға дейін жылдық оқу ақысының кемінде 50%-ы төленуі тиіс.
- Қалған сома бірінші семестр аяқталғаннан кейін шарт талаптарына сәйкес төленеді.
Құжаттар тізімі
- Басқарушылық қызметтегі жұмыс тәжірибесін растайтын құжат (кемінде 3 жыл).
- Университет басшысының атына жазылған өтініш (нысаны беріледі).
- Қосымшасы бар магистр дәрежесі туралы дипломның түпнұсқасы.
- Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі.
- 3×4 көлеміндегі 6 фотосурет.
- 075/у нысанындағы медициналық анықтама (флюорография нәтижесімен).
- Түйіндеме (CV).
- Жұмыс орнынан анықтама.
- Еңбек кітапшасының куәландырылған көшірмесі немесе Enbek.kz жүйесі арқылы рәсімделген кадрлық есепке алу құжаты.
- Үш данада қол қойылған шарт.
- Көлемі 1500–1600 сөзден тұратын мотивациялық эссе. Эсседе DBA бағдарламасын таңдаудың себептері, оқу кезеңіндегі мақсаттар, бизнеске қатысты жоспарлар, кәсіби және ғылыми-зерттеу қызығушылықтары көрсетілуі тиіс.
- Құжаттарға арналған папка.
- A5 форматындағы конверт.
Құжаттар толық жинақ болған жағдайда ғана қабылданады. Оқуға қабылдау емтихан комиссиясының шешімі негізінде Басқарма төрағасы – Ректордың бұйрығымен жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: қосымша хабарланады.
Әңгімелесу күні: қосымша хабарланады.
Оқудың басталу күні: қосымша хабарланады.
Байланыс: Салтанат Даулетбай
Телефон: +7 776 977 4646
Диплом тапсыру салтанатына шақырамыз
ҚАЗАҚСТАН МЕЙІРГЕР ІСІ МАМАНДАРЫНЫҢ IV СЪЕЗІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ «БІЛІМГЕ ИНВЕСТИЦИЯ – МЕЙІРГЕР ІСІНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ»
2024-2029 жж Даму бағдарламасы бойынша 2026 жарты жылдық есебі 
