Стратегиялық даму және сапа менеджмент бөлімі
Стратегиялық даму және сапа менеджмент бөлімі-27 тамыз 2025ж. Сенат қаулысы шешімімен, бұйрық №1/1477, 02.09.2025ж. құрылды. Құрылуы мақсаты Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультетінің стратегиялық Даму бағыттарын айқындау және жоспар әзірлеу, дамуын қамтамасыз ету, сапа менеджмент жүйесі ISО 9001:2015 стандартына сәйкес жұмыс жасау, ішкі процестердің сапасын арттыру.
Стратегиялық даму және сапа менеджмент бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:
- Факультеттің стратегиялық жоспарын, Action plan’нын әзірлеу және жаңарту;
- Ішкі және сыртқы ортаны талдау (SWOT, PEST, тәуекелдер картасы);
- Инновациялық жобаларды дайындау және олардың орындалуын бақылау;
- Факультеттің стратегиялық жоспары бойынша жұмыстарға, Action plan’на (іс-шаралар жоспарларына) өзгерістер мен түзетулер ендіру құрылымдық бөлімдердің есептерін талдау, факультет деңгейінде қорытынды жылдық есеп дайындау;
- Факультеттің және факультетке қарасты құрылымдық бөлімдердің Сапа мақсаттарын жоспарлау; іске асуын кезеңдік қадағалау және сараптау жұмыстарын атқару;
- Сапа менеджменті жүйесі бойынша ISO 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес құжаттардың жарамдылығын қадағалу;
- Сапа менеджменті жүйесі құжаттамаларын дайындау және жаңарту, кеңестік-әдістемелік көмек көрсету;
- Сапа менеджменті жүйесі бойынша ISO 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес факультетке қарасты құрылымдық бөлімдер мен кафедраларда ішкі аудитті ұйымдастыру, нәтижесін талдау;
- Түзету және алдын алу шараларын әзірлеу;
- СМЖ бойынша Ішкі аудит жүргізу барысында анықталған сәйкессіздіктерге түзетуші әрекеттер жоспарларын жасау, түзетуші әрекеттер журналдарын толтыру;
- Факультеттің қызметкерлеріне аттестация өткізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Жуманова Акбаян Бакытовна
Бөлім басшысыakbayan.zhumanova@ayu.edu.kz
Педиатрия кафедрасы білімгерлерінің XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференциясына ұсынатын ғылыми жұмыстар тақырыптары 
