Факультеттің құндылықтары
Инженерия факультеті Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің негізгі құндылықтарын басшылыққа алып, оларды білім беру, ғылыми зерттеу және инженерлік қызметте жүзеге асыруға ұмтылады.
01 — ҚҰНДЫЛЫҚ
Серіктестік және құрмет
Білім алушылардың, оқытушылардың және серіктестердің пікірін, құқықтары мен мәдени ерекшеліктерін құрметтеу; командалық жұмысты, өндірістік және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
02 — ҚҰНДЫЛЫҚ
Ашықтық және сенімділік
Факультет қызметінің айқындығын қамтамасыз ету, кері байланысты ескеру және қабылданған шешімдерге жауапкершілікпен қарау.
03 — ҚҰНДЫЛЫҚ
Әділдік және адалдық
Білім мен еңбекті әділ бағалау, академиялық адалдықты, зерттеу этикасын және инженердің кәсіби жауапкершілігін ұстану.
04 — ҚҰНДЫЛЫҚ
Инновация және бейімделгіштік
Ғылыми ойлауды, шығармашылық ізденісті және жаңа технологияларды қолдау; қоғам мен өндірістің өзгермелі қажеттіліктеріне бейімделу.
05 — ҚҰНДЫЛЫҚ
Біліктілік және еңбекқорлық
Кәсіби білім мен дағдыларды үздіксіз жетілдіру, сапалы нәтижеге ұмтылу және инженерлік шешімдерді қоғам игілігіне қолдану.
Осы құндылықтар негізінде факультет студенттердің, магистранттардың және докторанттардың дамуын қолдап, қауіпсіздік пен экологиялық жауапкершілікті ескеретін инженерлік мәдениетті қалыптастыруға бағытталады.
СПАРТАКИАДА — 2026
Сабақ кестесі
Жаңа тұлға. Жаңа мақсат. Жаңа мүмкіндіктер!
IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз!
Спорттық бағдарламалау
«Networking: Developers’ party» 