shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ»

Инженерия факультетінің 1-курс студенттері арасында «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және Отанға деген құрметін нығайту.

Шара барысында Конституцияның мемлекет өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заңды құрметтеу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ сауалнама жүргізіліп, студенттердің Конституция, құқықтық сауаттылық және азаматтық жауапкершілік туралы ой-пікірлері зерделенді.

Конституция – ел бірлігі мен тұрақтылығының берік негізі!