shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

АДАЛДЫҚ — ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

15 қыркүйек 2026 жылы АКИ-311 тобының студенттерімен топ эдвайзері Т.С. Назарбек «Адалдық — қоғамның басты құндылығы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағаты барысында адалдықтың адам өміріндегі маңызы, жауапкершілік, әділдік және еңбекті бағалау туралы ойлар ортаға салынды. Қазақ халқы ежелден ұрпағын «ісінде адал болуға», «біреудің ала жібін аттамауға» үндеп, адалдықты адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі ретінде дәріптеген.
Кездесу соңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал азамат» ұстанымына қатысты айтқан сөзі негізге алынып, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаларының өзара сабақтастығы атап өтілді.

Адалдық — сөзден емес, күнделікті таңдаудан басталады.
Әр дұрыс таңдау — әділетті қоғамға жасалған қадам.