Теориядан тәжірибеге — болашақ инженерлер Күн электр станциясында!
Инженерия факультеті, Электр инженериясы кафедрасының оқытушы-профессорлары мен 6В07153 – Электр энергетикасы білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушылары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аумағында орналасқан Күн электр станциясында оқу-танымдық экскурсия өткізді.
Экскурсия барысында білім алушылар:
- күн панельдерінің құрылымы мен жұмыс істеу принципін;
- электр энергиясын өндіру үдерісін;
- негізгі электр жабдықтарының жұмысын;
- жабдықтарды монтаждау, баптау және пайдалану ерекшеліктерін зерделеді.
Практикалық сабақ барысында білім алушылар жаңартылатын энергия көздері бойынша алған теориялық білімдерін нақты өндірістік нысанмен байланыстырып, кәсіби дағдыларын жетілдірді.
Жаңартылатын энергетика — тұрақты болашақтың маңызды бағыты. Ал білікті маман даярлау — бүгіннен басталады!
СПАРТАКИАДА — 2026
Сабақ кестесі
Жаңа тұлға. Жаңа мақсат. Жаңа мүмкіндіктер!
IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз!
Спорттық бағдарламалау
«Networking: Developers’ party» 