ҰСТАЗДАРЫМЫЗ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ!
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Инженерия факультетінде саналы ғұмырын білім мен ғылымға арнаған ардагер ұстаздарымызға құрмет көрсетілді.
Бұл игі шара серіктестік пен құрмет, ашықтық пен сенімділік, әділдік пен адалдық, біліктілік пен еңбекқорлық, инновация мен бейімделгіштік құндылықтарының сабақтастығын айқындады.
Ардагер ұстаздарымызға жылы лебіздер айтылып, сый-сияпаттар табысталды. Олардың өнегелі өмір жолы мен мол тәжірибесі – кейінгі ұрпаққа баға жетпес мұра.
Құрметті ұстаздарымыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!
Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге!
СПАРТАКИАДА — 2026
Сабақ кестесі
Жаңа тұлға. Жаңа мақсат. Жаңа мүмкіндіктер!
IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз!
Спорттық бағдарламалау
«Networking: Developers’ party» 