shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Huawei компаниясының өкілімен кездесу өтті

Инженерия факультетінің студенттері Huawei компаниясының Қазақстандағы таланттар экожүйесін дамыту жөніндегі менеджері Жазира Камашбекпен кездесті.
Кездесу барысында студенттер заманауи технологиялар, IT саласындағы кәсіби даму, тәжірибеден өту және мансаптық мүмкіндіктер туралы түрлі сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды.
Іс-шара соңында белсенділік танытқан студенттерге Huawei компаниясының атынан шағын естелік сыйлықтар табысталды.

Кездесу студенттер үшін пайдалы ақпарат пен жаңа мүмкіндіктерге толы әсерлі шара болды.