shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«ЯСАУИ ЛАГЕРІ» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ БАСТАЛДЫ

Бүгін оқу ордамызда университетіміздің профессор-оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына арналған – «Ясауи лагері» жазғы мектебі басталды.

Басты мақсат – мектеп жасындағы балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу.

Лагерге 8-12 жас аралығындағы 60-қа жуық бала тіркелді. Ашылу салтанатына келген балалар бір-бірімен танысып, топқа бөлінді. Топ бойынша түрлі ойындар ойнап, ән шырқап, би биледі. 

Балалар алдағы күндері спорттық ойындар ойнап, бейнелеу өнері сынды т.б қызықты істермен айналысатын болады. Университетіміздің белсенді студенттері концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.