shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ XII ЖАЗҒЫ ГИМНАЗИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бүгін университетімізде ҚР Оқу-ағарту министрлігі  мен  Ұлттық-Ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы және оқу ордамыз ұйымдастырған – Қазақстан оқушыларының XII жазғы Гимназиадасы өз мәресіне жетті. 

Дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат еткен сайыс жоғары деңгейде өтті.

Айта кетейік, спорттық додаға Алматы, Шымкент, Атырау, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл, Қарағанды өңірлерінен келген командалар қатысты. Спортшылар ерлер және қыздар арасында дзюдо мен самбо және белбеу күресі мен волейбол спорт түрлері бойынша өзара сайысқа түсті.

Жарыс нәтижесі бойынша жалпы командалық есеппен қыздар арасынан 1- орынды Алматы құрама командасы жеңіп алды. Ал, Түркістан спортшылары 2-орынға табан тіреді. 3-орынды Жамбыл өңірінің командасы қанжығаларына байлады. Ұлдар арасынан командалық есепте 1-орынды Түркістан облысының құрамасы иемденді. 2-орынды Жамбыл облысы, ал 3-орынды Алматы облысының спортшылары жеңіп алды.

Республикалық кезеңде жеңіске жеткен Түркістан облысының ұлдар командасы Бахрейн әмірлігінде өтетін Дүниежүзілік оқушылар арасындағы гимназиадаға жолдама алды.