«Газ турбиналы қозғалтқыш пен биогаз қондырғысына негізделген когенеративті энергетикалық жүйелер»
Қараша айының 6-шы жұлдызында Инженерия факультеті, Электр инженериясы кафедрасының аға оқытушысы О.Д.Меирбекова факультеттің ғылыми семинар жоспарына сәйкес «Газ турбиналы қозғалтқыш пен биогаз қондырғысына негізделген когенеративті энергетикалық жүйелер» атты семинар өткізді. Семинарға Инженерия факультетінің ОПҚ мен 4 курс білім алушылары қатысты. Семинар барысында аға оқытушы О.Д.Меирбекова көптеген елдердің таратылған энергетикаға көшу үрдісін және орталықтандырылған энергиямен жабдықтаудан арылу, таратылған генерация объектілерімен электр энергетикалық жүйелер туралы, газ турбиналы қозғалтқыштың жұмыс принциптерін, биогаз қондырғысына негізделген когенеративті энергетикалық жүйелер жайлы және жасалған эксперименттер мен ондағы алынған нәтижелер туралы баяндап шықты. Гибридті таратылған энергия, электр энергетикалық жүйелеріндегі бірқатар міндеттерді шеше отырып, қажет болған жағдайда тұтынушыларға ең жоғары және резервтік энергиямен қамтамасыз ету мәселелерін айтып өтті. Гибридті таратылған энергия электр және жылу энергиясын тұтынушылардың энергетикалық тәуелсіздігін арттыратындығы жайлы айтып өтті.
Семинар соңында баяндамашы, ОПҚ мен білімгерлер тақырып өзектілігін талқылауға, сұрақ-жауапқа көшті. Семинар факультеттің ОПҚ мен білім алушыларының қызығушылығын арттыра түсті.