Оқытушы профессорлар құрамымыз республика денгейінде патент алды
Университет ғалымдары ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жаңа жобасын сәтті іске асырды. Рустамов Насим Тулегенович, Абдикулова Загипа Киргизбаевна, Меирбекова Оксана Даировна, Бабахан Шохрух Абдилкасымұлы және Мұхамеджанов Нүрідін Бақтиярұлы “Жылыжай шаруашылығының пайдаланылған топырақтарын тазартуға арналған электрогидравликалық жүйе” тақырыбындағы өнертабысына ресми түрде патент алды.
Бұл жүйе жылыжай топырағын тиімді тазартуға, оның құнарлылығын сақтауға және өсімдік өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Электрогидравликалық принципке негізделген құрылғы топырақты экологиялық тұрғыдан таза әрі үнемді жолмен қайта пайдалануға жағдай жасайды.
Бұл жетістік – университет ғалымдарының инновациялық ойлау қабілетінің, ғылым мен өндірісті ұштастырудағы еңбегінің жемісі. Жаңа жүйе болашақта ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылып, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне өз үлесін қосады деп күтілуде.