ИНЖЕНЕРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Біз туралы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Инженерия факультеті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инженерлік іс салаларында мамандар даярлайды. Факультетте бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде білім беру жүзеге асырылады.
Факультет құрамында Компьютерлік инженерия және Электр инженериясы кафедралары жұмыс істейді. Кафедралар білім беру, ғылыми-зерттеу және практикалық даярлық жұмыстарын жүргізіп, білім алушылардың инженерлік ойлауын, цифрлық дағдыларын және зерттеу құзыреттерін дамытуға бағытталған.
Факультет сандармен
2
Кафедра
11
Білім беру бағдарламасы
443
Білім алушы
Бакалавриат: 7 бағдарлама / 412 студент
Магистратура: 3 бағдарлама / 22 магистрант
Докторантура: 1 бағдарлама / 9 докторант
2026–2027 оқу жылында факультетте 11 білім беру бағдарламасы бойынша 443 білім алушы оқиды. Оның ішінде бакалавриаттың 7 бағдарламасында 412 студент, магистратураның 3 бағдарламасында 22 магистрант және докторантураның 1 бағдарламасында 9 докторант білім алады.
Білім беру барысында теорияны практикамен ұштастыруға, жобалық жұмыстарға, ғылыми ізденіске және технологиялық шешімдерді әзірлеуге басымдық беріледі. Факультет университеттің стратегиялық даму бағытына сәйкес білім беру сапасын, ғылыми әлеуетін, өндірістік әріптестікті және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ұмтылады.
Кафедралар және білім беру бағдарламалары
Компьютерлік инженерия кафедрасы
| Деңгей | Білім беру бағдарламасы | Білім алушы |
|---|---|---|
| Бакалавриат | 6B06151 — Ақпараттық жүйелер | 156 |
| Бакалавриат | 6B06181 — Ақпаратты өңдеу және деректерді визуализациялау | 28 |
| Бакалавриат | 6B06198 — Жасанды интеллект және деректерді талдау | 53 |
| Бакалавриат | 6B06182 — Компьютерлік инженерия | 76 |
| Магистратура | 7M06128 — Ақпараттық жүйелер | 14 |
| Магистратура | 7M06146 — Компьютерлік инженерия | 7 |
| Докторантура | 8D06115 — Ақпараттық жүйелер | 9 |
Электр инженериясы кафедрасы
| Деңгей | Білім беру бағдарламасы | Білім алушы |
|---|---|---|
| Бакалавриат | 6B07153 — Электр энергетика | 51 |
| Бакалавриат | 6B07154 — Автоматтандыру және басқару | 22 |
| Бакалавриат | 6B07189 — Машина жасау | 26 |
| Магистратура | 7M07130 — Электр энергетикасы | 1 |
Барлығы: 11 білім беру бағдарламасы, 443 білім алушы.
Оқу жылы: 2026–2027
Ақпарат жаңартылған күн: 11 қазан 2026 жыл
СПАРТАКИАДА — 2026
Сабақ кестесі
Жаңа тұлға. Жаңа мақсат. Жаңа мүмкіндіктер!
IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз!
Спорттық бағдарламалау
«Networking: Developers’ party» 