shape
shape

Бағдарламалар

Инженерия факультеті / Компьютерлік инженерия кафедрасы / Магистратура

7M06128 - Ақпараттық жүйелер

Course Image Инженерия факультеті Компьютерлік инженерия кафедрасы

Кәсіби қарым-қатынас мәдениетін игерген азаматтық ұстамы бар, қазіргі ғылыми және практикалық проблемаларды шеше алатын, әлеуметтік ортада зерттеу және басқару іс-әрекетін нәтижелі жүзеге асыратын, жоғары деңгейлі кәсіби мәдениетті мамандарды даярлау.
Арнайы ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгерген, кәсіби білім беру жүйесінің келесі сатысы-докторантурада білім алуды жалғастыруға даярлығын қамтамасыз ету.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Автоматтандырылған жобалау мен зерттеудің стандартты пакеттері негізінде процестер мен объектілерді модельдеу.
  • Зерттеу тапсырмаларын модельдеу және деректерді жинауға, сақтауға, талдауға және басқаруға арналған жаңа құралдар мен қосымшаларды әзірлеу.
  • Ақпараттық жүйелер мен технологиялардың жұмыс істеу процестерінің сапасын талдау, синтездеу, оңтайландыру және болжау әдістемелерін әзірлеу және зерттеу жүргізу.
  • Сандық эксперименттерді жоспарлау, нәтижелерді түсіндіру, салалар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қорытындыларды пайдалану.
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
  • Ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік басқару органдары, жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары.
  • Ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу зертханалары, конструкторлық және жобалау бюролары, фирмалар мен компаниялар; жоғары оқу орындары, мемлекеттік білім беру ұйымдары және білім беру кәсіпорындары, сондай-ақ мемлекеттік емес білім беру ұйымдары; министрліктер, тиісті бейіндегі мемлекеттік басқару органдары.