shape
shape

Факультет тарихы

Факультет тарихы

ИНЖЕНЕРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Тарихымыз - тәжірибе, болашағымыз инновация!

Қалыптасуы және дамуы

2004 жыл · Қазан

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Инженерия факультеті 2004 жылдың қазан айында Өкілетті кеңестің шешімімен «Ақпараттық технологиялар және инженерия факультеті» ретінде құрылды.

Факультеттің қалыптасуы ақпараттық технологиялар мен инженерлік салаларға қажетті білікті мамандар даярлауға негіз болды.

2014–2015 оқу жылы

Университет Сенатының шешімімен 2014–2015 оқу жылынан бастап факультет атауы «Инженерия факультеті» болып өзгертілді.

Факультетті басқарғандар

2014–2015

Төлеп Абдимухан Сеилханович

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

2015–2017

Туртабаев Сарсенбек Койшыбаевич

Техника ғылымдарының докторы, профессор

2017–2018

Төлеп Абдимухан Сеилханович

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

2018–2019

Ажиханов Нурлан Тобаханович

Техника ғылымдарының докторы, профессор

2019–2021

Сапарходжаев Нурбек Пажарбекович

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

2021–2022

Беркимбаев Камалбек Меирбекович

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

2022–2023

Мустафа Нурсой

Ғылым докторы, профессор

2023–2026

Нажи Генч

PhD, профессор

ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап факультет деканы қызметін техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Казбекова Гулнур Нагиметовна атқарады.

Білім беру және факультет құрылымы

Факультет бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде мамандар даярлау қызметін жалғастырып, инженерлік білім мен ғылыми зерттеулерді дамытуға бағыт алды.

Факультеттің қазіргі құрылымында «Компьютерлік инженерия» және «Электр инженериясы» кафедралары жұмыс істейді.

Кафедралар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инженерлік іс бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Жаңа білім беру бағдарламалары

Факультеттің даму барысында мамандар даярлау бағыттары кеңейіп келеді.

2024–2025 оқу жылы

«Машина жасау»

Жаңа білім беру бағдарламасы ашылды.

2025–2026 оқу жылы

«Жасанды интеллект және деректерді талдау»

Жаңа білім беру бағдарламасы ашылды.

Бүгінде факультет техникалық білім беруді ғылыми зерттеулермен және практикалық даярлықпен ұштастырып, қоғам мен өндірістің қажеттіліктеріне сай мамандар даярлау жұмысын жалғастыруда.