АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АЯСЫНДА ФАКУЛЬТЕТІМІЗГЕ КЕЛГЕН СТУДЕНТТЕР
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен Спорт факультетіне 2 курс студенттері келіп, оқу үдерісін бастады. Бағдарламаға барлығы 5 студент қатысуда. Оның ішінде «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша 3 студент, ал «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы бойынша 2 студент білім алуда.
Спорт факультеті әріптестік байланыстарды дамытуға және білім алмасуға әрдайым ашық. Келген студенттерге оқуында табыс, кәсіби дамуына сәттілік тілеймін.
Сабақ кестесі 