Хабарландырулар

shape
shape

Біз туралы

Біз туралы

Спорт факультеті 2001 жылы «Спорт және өнер» факультеті болып негізі қаланған және университеттің «Спорт пен өнер» саласындағы беделін арттыруға елеулі үлес қосқан факультеттердің бірі болып табылады. Университеттің даму тарихында маңызды орын алған бұл факультет көп жылдар бойы жоғары сапалы білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы «Спорт және өнер» саласын дамытуға бағытталды.

 Қазіргі таңда Спорт факультетінде 2 кафедра, 4 білім беру бағдарламасы бойынша жоғары сапалы мамандар даярлауда. Спорт факультеті — спорт саласы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлайтын заманауи оқу орны. Мұнда теориялық біліммен қатар, спорттық практикалық дағдыларға да үлкен көңіл бөлінеді.

  Спорт факультетінің оқытушы-профессор құрамы жоғары деңгейлі мамандардан тұрады. Факультетте 6 профессор, 3 доцент, 2 PhD-аға оқытушы, 2 Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген жаттықтырушы, 4 Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткерлері және аға оқытушылар жемісті еңбек етуде. Мамандық ерекшеліктеріне сәйкес  арнайы спортшыларымызға сай гимнастика, бокс, баскетбол, волейбол, күрес және таэквондо залдарымен жабдықталған. 

 Факультетіміздің түлектері еліміздің түкпір-түкпірінде және шетелде спорт саласында табысты еңбек етуде. Олар түрлі спорттық ойындарда Қазақстанның атын халықаралық ареналарда танытуда. Студенттердің жоғары спорттық жетістіктері — факультеттің білім беру сапасының айқын көрсеткіші. Спорт факультеті — Қазақстан Республикасының спорттық саласын дамытуға бағытталған ірі ғылыми-білім орталығы. Факультет спорт және денсаулық саласында жаңа кадрлар даярлаумен қатар, спорт мәдениетін дамытуға да үлкен үлес қосуда.