Мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қолдану;
Жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді;
Барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады.
Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады;
Мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады.
Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы және шығармашылық емтихандардан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін). Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары № 600 31.10.2018 ж.
Kәсіби қызмет нысандарына орта білім беретін оқу орындары: мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік білім беру мекемелері (жалпы орта мектеп, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары) әскери-патриоттық клубтар; мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар болып табылады.