Деканның хабарламасы
Құрметті білім алушылар,
Бүгін сіздің өміріңізде ерекше күн! Мен сіздерді еліміздің жетекші жоғары оқуорындарының бірі-біздің университетте, факультетте қарсы алғаныма қуаныштымын. Денсаулық әр адамның өмірінде ерекше маңызға ие, оның құндылығы жылдар мен жас шамасына қарай көбейеді, өмір сапасы мен қоғамның әл-ауқатының көрсеткіші болып табылады.
Әрқайсымыз өзімізді дені сау және бақытты сезінгіміз келеді. Әрине, «қалау» және «болу» әртүрлі түсініктер, салауатты болу үшін, жан-жақты күш-жігер қажет, ең алдымен, өз денсаулығымыз үшін жауапты болу, оны сақтау және нығайту қажет. Сонымен бірге, мемлекет халықты барынша сапалы медициналық қызметтермен қамтуға мүмкіндік беретін үздік және әділ денсаулық сақтау жүйесін құруға ұмтылады. Әрбір қоғамда мемлекет деңгейінде ұлт денсаулығының маңыздылығын анықтауға ұмтылады. Біздің елімізде бұл Конституция мен Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде бекітілген. Сәйкесінше, заман талабына сай медицина мамандығының қызметкерлері ерекше маңызды. Медицина және денсаулық сақтау әрдайым сұранысқа ие болады және үнемі білім мен тәжірибені жетілдіруге негізделген! Біз сізге ең жақсы білімді алуға және өз салаңызда кәсіби болуға көмектесеміз!
Болашақта сіз керемет дәрігерлер, ұлы педагогтар және ұлы ғалымдар болып, факультеттің үздік дәстүрлерін жалғастырғаныңызды қалаймыз!
Факультет деканы, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.О. Нускабаева