shape
shape

Хабарландырулар

Blog Image

«Жұптасқан жүректер – түлектер!» фестиваліне шақырамыз

Құрметті Ахмет Ясауи университетінің түлектері!

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түлектер қауымдастығы Отбасы күніне орай «Жұптасқан жүректер – түлектер!» атты фестиваль ұйымдастырады.

Фестивальдің мақсаты — университет пен түлектер арасындағы байланысты нығайту, жастар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу және университет қабырғасында шаңырақ көтерген түлектердің өнегелі отбасылық тәжірибесін насихаттау.

Фестивальге Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тұратын, ерлі-зайыптылардың екеуі де Ахмет Ясауи университетінің түлегі болып табылатын отбасылар қатыса алады.

Қатысушылар сахна төрінде студенттік кезеңдегі қызықты естеліктерімен, отбасылық тәжірибесімен және мотивациялық ойларымен бөлісіп, өздері немесе отбасы мүшелерімен бірге шығармашылық өнер көрсете алады.

Қатысушыларға университет басшылығы тарапынан сертификаттар мен сыйлықтар табысталады.

Өтетін күні: 11 қыркүйек 2026 жыл, сағат 14:00
Өтетін орны: Университет кампусы, Мәдениет орталығының үлкен залы
Байланыс: 8 705 411 8474 — Асанова Мариям

Ахмет Ясауи университетінің жұптасқан түлектерін фестивальге қатысуға шақырамыз!