shape
shape

Жаңалықтар

Медицинадағы алғашқы қадам

Бүгін Медицина факультетінің 1-курс студенттерімен алғашқы кездесуімізді өткіздік.

Жаңа ортаға қадам басқан болашақ дәрігерлермен танысып, факультетіміздің мүмкіндіктері, оқу үдерісі, студенттік өмір және алда күтіп тұрған жаңа белестер туралы әңгімелестік. ✨

Бір кездері біз де осы аудиторияға алғаш рет студент болып кірген едік. Ал бүгін жаңа буынға бағыт-бағдар беріп, тәжірибемізбен бөлісу — ерекше сезім әрі үлкен жауапкершілік.

Құрметті 1-курс студенттері!
Алдарыңызда білімге, ізденіске, достыққа, жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктерге толы маңызды жылдар тұр.

Әр қадамдарыңыз сәтті, білімге деген талпыныстарыңыз берік болсын!

Медицина жолындағы алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын!

https://www.instagram.com/reel/Dcv3OEIMXg4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==