ОҚУ ОРДАМЫЗДА «АДАЛ АЗАМАТ-АДАЛ ЕҢБЕК-АДАЛ ТАБЫС» АТТЫ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
Айтулы шара университетіміз бен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің» Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Жиынның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту.
Адалдық сағатында заң ғылымдарының магистрі, антикор еріктісі Нұржахан Абуова сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайлы баяндама жасады. Ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соныңда студенттер сұрақтарына жауап алып, пікірлерін ортаға салды.
«Жұптасқан жүректер – түлектер!» фестиваліне шақырамыз
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
8D101-Денсаулық сақтау даярлау бағыты бойынша алдын ала іріктеу кезеңіне құжат қабылдау.
Хабарландыру 