shape
shape

Бағдарламалар

Медицина факультеті / Бағдарламалар / Магистратура

7M10131 - Медицина

Course Image Медицина факультеті Бағдарламалар

Денсаулық сақтау саласында заманауи технологиялар мен зерттеу әдістерін қолдана отырып, ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге денсаулық сақтаудың ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлау

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Денсаулық сақтаудың әртүрлі салаларында зерттеулерді әзірлеу, жүргізу және бағалау дағдыларын көрсете отырып,ғылыми сенімділігі мен сапасын бағалайды.
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық-талдау, библиографиялық деректерді сыни түсіндіріп, өз ойлары мен шешімдерін толық көлемде баяндай алады.
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары.
  • Қоғамдық денсаулықты сақтау ғылыми-зерттеу институттары. 
  • Бақылау-аналитикалық қызметтің мекемелері.
  • Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау органдары.