shape
shape

Бағдарламалар

Медицина факультеті / Бағдарламалар / Докторантура

8D10111 - Қоғамдық денсаулық сақтау

Course Image Медицина факультеті Бағдарламалар

Халықаралық бәсекелестік талаптарға сәйкес келетін білім беру процесін үйлестіруге бағытталған ғылыми-зерттеу және кәсіптік қызметті ұйымдастыру және жүргізу дағдылары бар заманауи медицина саласындағы кәсіби құзіреттілігі бар денсаулық сақтау саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Әдебиетте сапалы эмпирикалық әдістердің негізгі түрлерін анықтау арқылы   ең көп таралған IT-функцияларды пайдаланып,  қоғамдық денсаулық сақтау саласында жобаны жүргізеді.
  • Нақты, бірақ қарапайым эмпирикалық күйге келтіруде қазіргі заманғы эпидемиологиялық және статистикалық тұжырымдамаларды қолданып, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жарияланымдардың сапасын бағалауға арналған тізімді әзірлейді және пайдаланады. 
     
  • Түсушілерге қойылатын талаптар: Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген тұлғалар қабылданады. Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін маңгерудің жалпыеуропалық құзіреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын докторантураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саясат, қоғамдық денсаулық сақтау экономикасы,  қоғамдық денсаулық сақтау әлеуметтануы және психологиясы, денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік басқару және халықтың денсаулығын қамтамасыз ету.