Факультет тарихы
Медицина факультетіуниверситет құрамында 1991 жылы ашылып алғашқы рет 54 студент қабылдады. Бірінші факультет деканы болып м.ғ.д., профессор Е.Б.Бекмұратов тағайындалса, одан кейінгі жылдары факультетке м.ғ.д., профессор Ж.Н:Шалхарова, м.ғ.к., Б.К.Жунисов, м.ғ.к., доцент М.С.Жүнісов басшылық жасады.2018 жылдан 2024 жылдың қыркүйек айына дейін факультетті м.ғ.д., профессор И.С. Молдалиев басқарды. 2024-2025 оқу жылынан бастап факультетті м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.О. Нускабаева басқарады.. Осы жылдары факультетте көптеген өз ісінің білікті мамандарыардагер - ғалымдар дәріс берді, олар, «Хирургиялық аурулар» кафедрасының қабырғасын қалаған, алғашқы кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор М.М.Ахметов, «Терапия» кафедрасының алғашқы меңгерушісі м.ғ.к., профессор Б.С.Калмурзина, «Педиатрия» кафедрасының алғашқы меңгерушісі м.ғ.д., профессор К.А.Асканбаева, гигиена-эпидемиология маманы, м.ғ.д., профессор Б.К.Керимбеков, терапевт, м.ғ.д., профессор С.Ш.Шалхаров, невропатолог, профессор Х.Б.Бралов, фармаколог, профессор О.М.Мырзагалиев, профессор М.Р.Рысулы, офтольмолог, профессор А.Т.Сагалов, травматолог, профессор А.Б.Болгаев, патолог-анатом профессор Ж.Б.Ахметов, гистолог, м.ғ.к., доцент С.А.Ажаев, биохимия маманы б.ғ.д., профессор Р.Д.Дильбарханова, хирург, м.ғ.д., профессор И.А.Ташев. Бүгінгі күні факультетте барлық деңгейдегі білім беру бағдарламалары бойынша 2000 мыңға жуық студенттер, магистрантар, докторанттар білім алуда. Оның ішінде 17 мемлекеттен 41 ұлттың өкілдері білім алуда. Оларға 150-ге жуық ОПҚ білім береді. Бүгінгі күнге дейін факультетті 6000 мыңға жуық жоғары білікті мамандар бітіріп шықты. Қазіргі кезде факультет құрамында 9 кафедра бар: Адам морфологиясы және физиологиясы, Акушерлік іс және гинекология, Арнайы клиникалық пәндер, Жалпы хирургия, Жедел медициналық жәрдем, Педиатрия, Пропедевтика және ішкіаурулар, Профилактикалық медицина, Хирургиялық аурулар.
Бүгінгі күні факультет ғалымдарының жетекшілігімен екі гранттық ғылыми жоба жүзеге асуда. М.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.О.Нускабаеваның жетекшілігімен «Изучение особенностей питания, образа жизни и генетических аспектов комплаентности пациентов с метаболическим синдромом в 10-летнем проспективном исследовании» тақырыбындағы жоба, қаржысы 91225000 теңге және м.ғ.д., К.К.Каримбаевтың жетекшілігімен «Определение спектра и процентной доли метаболитов, характерных для мочеточника, с целью ранней диагностики» тақырыбындағы жоба, қаржысы 96178760 теңге.
Соңғы 5 жылда факультет ғалымдарымен индекстелген журналдарда 70 мақала жарық көрсе, басқа басылымдарда 286 мақала, конферецияларда 156 мақала шықты. Факультет білім алушылары соңғы 5 жылда пәндік Халықаралық олимпиядаларда 35 жүлделі орындарды жеңіп алды.