• денсаулық сақтау;
• білім беру;
• ғылым;
• әлеуметтік қорғау.
Кәсіби қызмет объектісі
- денсаулық сақтауды басқару ұйымдары;
-меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және нысандағы денсаулық сақтау ұйымдары;
-кәсіптік медициналық білім беру ұйымдары;
- жоғары медициналық оқу орындары;
- ғылыми-зерттеу институттары;
- денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
-денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар
Кәсіби қызмет функциялары мен түрлері
- білікті жəне мамандандырылған стоматологиялық көмек көрсету жəне ұйымдастыру;
- шұғыл ауырған жəне кезек күттірмейтін жағдайларда бастапқы медициналық көмек көрсету жəне ұйымдастыру;
- сырқатпен, оның туған-туысымен, əріптестермен, əлеуметтік қызмет өкілдерімен медициналық этика жəне деонтология қағидаларын сақтай отырып тиімді қарым-қатынас орнату; - халық арасындағы стоматологиялық ауруларды бағалау жəне талдау жасау;
- кəсіптік қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастыру- басқару шараларын жүзеге асыру;
- стоматология саласында ғылыми зерттеулерді жоспарлау жəне жүргізу;
- шынайы ақпарат алуға, кəсіптік мəселелерді шешуге, халыққа стоматологиялық көмек көрсетуге, денсаулық сақтау жүйесінде бірегей ақпараттық желіде жұмыс істеуге жəне өз бетінше білім алу үшін ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану;
- педагогикалық жəне тəрбиелік қызметті жүзеге асыру.
Түрлері:
- емдеу-алдын алу және диагностикалық;
- санитарлық-гигиеналық, індетке қарсы;
- ұйымдық-басқару;
- ғылыми-зерттеу;
- білім беру (педагогикалық).