shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

БІЗДІҢ ТҮЛЕК - БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!

Университетіміздің 2005 жылғы түлегі Ертай Алтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Түркістан облысының әкім орынбасары болып тағайындалды.

Ертай Алтаев оқу ордамызды Туризм менеджері және Құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған. 

Ертай Кенжебекұлы 17 жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келеді. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінде жетекші маман және сарапшы, 2008-2011 жылдары аталмыш министрлікте министрдің кеңесшісі қызметін атқарған. 

2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде Арнайы жобалар секторының сарапшысы лауазымына тағайындалған болса, 2012 жылдан 2022 жылға дейін Ішкі саясат бөлімінде Талдау және әдістемелік-инспекциялық жұмыс секторының инспекторы лауазымын атқарды.

2022-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөліміндегі Мәдениет, тілдерді дамыту, жастар саясаты және спорт секторының меңгерушісі лауазымында қызмет етті.

Университет ұжымы атынан Ертай Кенжебекұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, жұмысына сәттілік пен табыс тілейміз! Біз түлегімізді мақтан тұтамыз!