Білімгер
Институттың алдына қойған негізгі мақсаттарының бірі – экологиялық тұрғыдан таза табиғи ауылшаруашылық өнімдерін алып, «жасыл экотехнологияларды» өндірістерге енгізу. Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қайта жаңғырту, зерттеу, туристік орталыққа айналдыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Табиғи-климаттық, факторлардың әсерінен кесененің кейбір бөліктерінде құрылыс материалдарының беткі қабаттарында ерімейтін тұз шөгінділері пайда болған. Осы тұз шөгінділерін жою және олардың пайда болу жолдарын тежеу мақсатында «Экология» ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жан-жақты зерттеулер жүргізуде. Кесененің ішкі бөлмелеріндегі және ескерткіштің сыртқы қабырғалары мен фундаментінің бетінде тұздардың пайда болу механизмдері, олардың құрамдары зерттеліп, шөгінділердің түзілуіне әкелетін жағдайлар анықталуда. Осы нәтижелерге сүйене отырып, тұз шөгінділерінен құтылу және олардың түзілуіне әкелетін жағдайларды болдырмауға мүмкіндік беретін, адсорбциялық ионалмасу және электрохимиялық үрдістеріне негізделген тұздардан тазалаудың жаңа әдістері жасалуда.
Жобалар саны
Жарияланымдар саны
Зерттеулер саны
Ғылыми іс-шаралар саны
Ахмет Ясауи Университеті