shape
shape

Ғылым саласы

Институт түркі халықтарының мәдениетін, тарихын, тілі мен әдебиетін және өнерінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін, сондай-ақ олардың өзара сабақтастығын зерттеп, зерделеуді қарастырады. Бұл ретте институт біршама қызметтерді негізге алады:

  • Түркі халықтарының мәдениеті мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы, тілі, діні, фольклорлық туындылары мен шежіресін жинақтау, насихаттау, оларды бүгінгі заман талабына сай қарастыру, түркі халықтарының болмыстық, рухани т.б. барлық құндылықтарын кешенді түрде зерттеу;
  • Әлем  түркологтарының басын қосу мақсатында және бүгінгі таңдағы түркологияның өзекті мәселелерін айқындау үшін 2 жылда бір рет Халықаралық Түркология конгресін өткізу;
  • Түркология журналын үзбей шығару, журналды импакт-факторлы журнал деңгейіне жеткізу;
  • халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, өз зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстыру;
  • түркология ғылымының өзекті бағыттары үшін ғылыми пікірталастар кеңістігін ұйымдастыру, Түркология ғылыми-зерттеу институты мен гуманитарлық пәндер кафедраларын ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша интеграциялау мәселелерін шешу мақсатында семинарлар өткізу, шешім қабылдау, ұсыныстар енгізу, ғылым, білімді интеграциялауды ұйымдастыру.
  • шетелдік іргелі ғылыми-зерттеу институттарымен байланыс орнату, түркологияға қатысты қолжазбалар мен материалдарды орталыққа жинау, институт архив қорында сақталған араб-парсы, қазақ тілдерінде жазылған қолжазбалармен жұмыс жүргізу; шағатай, араб, парсы тілдеріндегі көне қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптардың ғылыми сипаттамасын дайындау және оларды зерттеу нысанына айналдыру;
  • институт ғылыми-зерттеу жұмыстарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етіп, экспедиция мен жолсапар қаржысымен қамтамасыз ету.