Институт әлем түркологтарының ғылыми байланысын нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән береді. Осы мақсатта екі жылда бір рет Халықаралық Түркология конгресі ұйымдастырылып, түркология ғылымының өзекті мәселелері талқыланады. Институт шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс орнатып, бірлескен жобалар, ғылыми экспедициялар мен академиялық алмасуларды жүзеге асырады. Сонымен қатар халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми конференцияларға қатысып, зерттеу нәтижелерін таныстыру және ғылым мен білім интеграциясын дамыту бағытында жұмыстар жүргізеді.
