Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

«ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ

2025 жылғы 30 қазанда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Ясауитану ғылыми орталығында «Қожа Ахмет Ясауи және ұлттық идентификация» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Семинарда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, теология ғылымдарының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а. Бауыржан Сайфунов баяндама жасады.

Баяндамада Қожа Ахмет Ясауи ілімінің ұлттық болмысты қалыптастырудағы, тарихи жады мен рухани құндылықтарды сақтаудағы маңызы сөз болды. Семинар қатысушылар тарапынан қызығушылық тудырып, мазмұнды ғылыми пікір алмасумен аяқталды.