Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

"Ясауи және Абай танымында жүрек мәселесі"

13 сәуір күні Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Төлегенов Мұхит "Ясауи және Абай танымында жүрек мәселесі" деген тақырыпта ғылыми семинар өткізді. Семинар барысында Қожа Ахмет Ясауи мен Абай Құнанбайұлы ілімдеріндегі «жүрек» ұғымының рухани, танымдық және адам тәрбиесіндегі орны жан-жақты сараланып, тың ойлар мен ғылыми тұжырымдар айтылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен пікір алмасу ғылыми кездесудің мазмұнын тереңдете түсті.
Даналық дәстүріне арналған мұндай шаралар ұлттық рухани тұғырлар мен мұраларды жаңаша зерделеуге, жас зерттеушілердің таным көкжиегін кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді.